Жаңалықтар

16:35 | 11 қараша 2019
22-24 қараша күндері Оскада (Жапония) дзюдодан әлемдік «Grand Slam» жарысы өтеді. Дүбірлі додада Қазақстан намысын 10 дзюдошы қорғайды. Ерлер: Рустам Ибраев (-60 кг) Жансай Смағұлов (-73 кг) Жанболат Багтбергенов (-73 кг) Руслан Мусаев (-81 кг) Ерсұлтан Мұзаппаров (-90 кг) Айбек Серікбаев (-100 кг) Ерасыл Қажыбаев (+100 кг) Әйелдер: Отгонцэцэг Галбадрах (-48 кг) Севара Нишанбаева (-57 кг) Зарина Райфова (-78 кг)…
14:42 | 08 қараша 2019
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтында «Қазан айының ең үздік спортшысына» дауыс беру аяқталды. Дауыс беру нәтижесі бойынша дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев жеңіске жетті. Қазан айының үздігі атануға 6 спортшы үміткер болды. Олар: Ғұсман Қырғызбаев (дзюдо), Элизабет Тұрсынбаева (мәнерлеп сырғанау), Андрей Чугай (велоспорт), Милана Сафронова (бокс), Дина Исламбекова (бокс) және Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика). Дауыс беру бүгін, 8 қараша сағат 13:00-де…
09:57 | 30 қазан 2019
«GrandSlam» әлемдік жарысында жеңімпаз атанған Ғұсман Қырғызбаев жанкүйерлерге қолдауы үшін алғыс айтып, жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті: «Әбу-Дабиде өткен «GrandSlam» жарысында жеңімпаз атанғаныма шын қуаныштымын. Әлем чемпионатындағы сәтсіздіктен кейін бапкерлермен бірге қатемен жұмыс істедік. Дүниежүзілік біріншілікте жіберген қатені қайталамауға барымды салып, өте мұқият күрестім. Жоспарымыз орындалып, жеңіске жеттім. Қай белдесуді алсақ та оңайға соққан жоқ. Бапкерлердің еңбегі ақталды деп ойлаймын. Бізге…
09:50 | 29 қазан 2019
Халықаралық дзюдо федерациясы Әбу-Дабиде өткен «Grand Slam»жарысынан кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты. «Grand Slam» жеңімпазы атанған Ғұсман Қырғызбаев 3 сатыға жоғарылап, жаңа рейтингте 8-ші орынға жайғасты. Аталған жарысты 5-ші орынмен аяқтаған Елдос Сметов 2-ші орынға көтерілді. Жаңартылған рейтинг бойынша қазақстандық дзюдошылар келесідей орналасқан (1-50) 60 кг Елдос Сметов – 2 орын (5481 ұпай) Ғұсман Қырғызбаев – 8 (4026) 66 кг Ерлан…
16:05 | 28 қазан 2019
Бүгін Қазақстан дзюдо федерациясының өкілдері мен қазақстандық дзюдошылар Алматы қаласында дзюдо академиясының ауласына ағаш отырғызды.Мұндай шара Халықаралық дзюдо федерациясының бүкіләлемдік дзюдо күніне орай ұйымдастырған экоакциясын қолдау мақсатында өтті. Бүкіләлемдік дзюдо күні Халықаралық дзюдо федерациясының бастамасымен 2011 жылдан бері 28 қазан күні атап өтіледі. Ұйымдастырушылар әр жылды дзюдошыға керек бір қасиетке арнайды. Мәселен, 2017 жылды «ерлік» жылы деп атаса, 2018 жылды…

Әлеуметтік желідегі парақшалар