Жаңалықтар

16:33 | 14 қаңтар 2020
Дзюдодан 2020 жылы өтетін Қазақстан Республикасының чемпионаттарының өтетін мерзімдері белгіленді. Биыл күнтізбе бойынша барлығы 6 ел біріншілігі, атап айтқанда: -2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты 6-11 ақпан күндерің Қостанай қаласында; -2000-2002 жылдары туған жастар арасындағы Қазақстан Чемпионаты 4-9 наурыз күндері Тараз қаласында; -23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер (өтпелі) арасындағы Қазақстан Республикасының ашық Чемпионаты 27-30 наурыз күндері Нұр-Сұлтан қаласында;…
11:07 | 13 қаңтар 2020
11-12 қаңтар күндері Дохада Халықаралық дзюдо федерациясының ұйымдастыруымен төрешілер мен жаттықтырушыларға арналған семинар өтті. Халықаралық шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 293 маман жиналды. Аталған шараға Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Житкеев, федерацияның рефери директоры Мухсин Нұртазин, төрешілер Данияр Айтымбетов, Жандос Қиянов, Қайрат Төленов пен Денис Амелин қатысты.
16:35 | 30 желтоқсан 2019
Құрметті дзюдошылар, бапкерлер мен дзюдо жанкүйерлері! Қазақстан Дзюдо федерациясы сіздерді жаңа жыл мерекесіменшын жүректен құттықтайды!Әрдайым бізбен бірге спортшыларымызға жанкүйер болып, қолдау білдіргендеріңіз үшін алғыс білдіреді. Қазақстандық дзюдошылар үшін 2019 жыл ерекше болды. Сондай-ақ келе жатқан жаңа жыл спортшыларымыз үшін маңызды, себебі олар 2020 жылы өтетін Токио Олимпиадасына жолдама алу үшін барын салатын болады. Сіздерді жаңа жылдарыңызбен құттықтай отыра, баршаңызға бақыт,…
18:04 | 23 желтоқсан 2019
Алматы қаласында дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшесі, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Гран При шебері, әлемдік «Masters» турнирінің күміс жүлдегері, Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Елдос Жұмақановтың жүлдесіне арналған турнир өтті. 2007-2008 жылдары туған кіші жасөспірімдер арасында өткен байрақты бәсекеге еліміздің 9 өңірінен 250 спортшы қатысты. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Жамбыл облысы, Қостанай облысы, Маңғыстау облысы, Алматы облысы,…
13:25 | 16 желтоқсан 2019
Құрметті дзюдошылар, жаттықтырушылар және дзюдо сүйер қауым! Сіздерді Қазақстан дзюдо федерациясының атынан төл мерекеміз Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік - бізге бабалар аманаттаған асыл мұра, ең қымбат қазынамыз. Егеменді еліміздің тәуелсіздігіне 28 жыл толып отыр. Осы жыл ішінде қазақстандық спортшылар, соның ішінде дзюдошылар көк байрақты көкке көтеріп, көбімізді қуантуда. Спортшылар ел қоржынына салған әрбір жүлдені тәуелсіздікке тарту деп білемін.…

Әлеуметтік желідегі парақшалар