Жаңалықтар

00:13 | 09 ақпан 2020
Қазақстандық дзюдошы Жансай Смағұлов "Grand Slam" жарысының финалында жапониялық Соиши Хашимотоға есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды. 73 келіге дейінгі салмақта белдескен ол Қазақстан қоржынына екінші медальді салды. Жансай Смағұлов жарыс барысында финалға дейін 6 кездесу өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен болатын. Атап айтқанда, іріктеу кезеңінде Виктор Стерпуді (Молдова), Ахн Жонсунгты (Оңтүстік Корея), Артур Маргелидонды (Канада), Алеко Мамиашвилиді (Грузия) және…
22:23 | 08 ақпан 2020
Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов әлемдік «Grand Slam» жарысының қола жүлдегері атанды. 60 келіге дейінгі салмақта белдескен ол кіші финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ким Вон Джинді айқын басымдықпен ұтты. Елдос Сметов жартылай финалға дейін Мохаммед Рашнонужадты (IJF), Янислав Герчевті (Болгария), ширек финалда Дашдава Амартушинді (Моңғолия) жеңді. Алайда, отандасымыз жарыстың жартылай финалында ресейлік Яго Абуладзеге жол берген болатын.
19:08 | 07 ақпан 2020
Бүгін Қостанайда "Қостанай" спорт кешенінде дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Қостанай облысы әкімінің орынбасары, Қостанай облысы дзюдо федерациясының президенті Марат Жүндібаев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Салтанатты шара барысында Қазақстан Дзюдо федерациясының рефери директоры Нұртазин Мухсин республикалық федерация атынан Марат Жүндібаевқа "Дзюдо тарланы" төс белгісін табыстады. Сондай-ақ, Қостанай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы…
12:13 | 05 ақпан 2020
7-10 ақпан күндері Қостанайда дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді. Ел біріншілгіне 2003-2004 жылдары туған жасөспірім дзюдошылар қатысады. Дүбірлі додаға Қазақстанның он төрт облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 700-ге жуық татами шеберлері бақ сынамақ. Жарыс бағдарламасы: 7 ақпан 10:00 – Жарыстың басталуы Ұлдар: -50 кг, -55 кг; Қыздар: -40 кг, -44 кг, -48 кг; 16:00 – Жарыстың ашылуы 16:30…
14:44 | 30 қаңтар 2020
8-9 ақпан күндері Парижде (Франция) дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирі өтеді. Париж татамиіне 122 елден 788 татамип шебері келеді деп жоспарланған. Аталған додаға Қазақстан сапынан 16 дзюдошы қатысады. Ерлер: Елдос Сметов (60 кг) Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) Елдос Жұмақанов (66 кг) Ерлан Серікжанов (66 кг) Жансай Смағұлов (73 кг) Бекәділ Шаймерденов (73 кг) Дидар Хамза (81 кг) Ислам Бозбаев (90…

Әлеуметтік желідегі парақшалар