Жаңалықтар

18:23 | 30 шілде 2015
Тиісті құжатқа «Дзюдо федерацисы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Қазақстан» РТРК АҚ арасында қол қойылды. Келісімге сай «Казспорт» телеарнасы әлем біріншілігін толықтай тікелей эфирде көрсетіп, оның қортытындысы бойынша деректі фильм әзірлейді. Естеріңізге салайық, әлем біріншілігі Астана қаласында 24-30 тамыз аралығында өткізіледі. Билеттерді «Казтикет» компаниясының кассаларынан немес әлем біріншілігі сайтының «билеттер» бөлімінен сатып алуға болады.
18:04 | 30 шілде 2015
Астанада 24-30 тамыз аралығында дзюдо күресінен өткізілетін әлем біріншілігінің басталуына 25 күн қалды. Осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тіркеуден өткізу тамыздың 3 аяқталатынын хабарлаймыз. Бүгінгі таңда тірукеуден өтуге 160 ақпарат құралының өкілі өтініш білдіргенін еске саламыз.
00:03 | 27 шілде 2015
25-26 шілде аралығында Прагада жастар арасында өткен Еуропа Кубогы мәресіне жетті. Қазақ құрамасы аталмыш жарыста жоғары көрсеткішке жетті. Атап айтқанда, Мағжан Шамшадин, Жақсыбек Женісбек алтын алса, Дидар Тәттібай мен Жанар Қашқын күмісті місе тұтты. Ал, Қанат Сейілхан мен Бауыржан Жауынтаев қолаға қол жеткізді. 6 медаль ұтқан қазақ спортшылары Бразилия мен Украинадан кейін командалық есепте үшінші орынға тұрақтады.
20:50 | 18 шілде 2015
Ресейдің Тюмень қаласында өтіп жатқан «GRAND SLAM» жарысының алғашқы күні қазақ құрамасының қоржыны бірден үш медальмен толықты. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айбек Имашев пен Асхат Тельманов үшінші орын алса, 66 келіге дейінгі салмақта Ғабит Есімбетов ақтық кездесуде жапондық Томофуми Такаджодан ұтылып, күмісті қанжығасына байлады. Ертең жарыс жалғасады.
18:20 | 13 шілде 2015
18 – 19 шілде аралығында Тюмень қаласында (Ресей) «GRAND SLAM» жарысы өткізіледі. Оған еліміздің ерлер ұлттық құрамасының спортшылары қатысады. Бақ сынайтын спортшылар тізімі: Айбек Имашев (60 келі) Асхат Тельманов (60 келі) Ғабит Есімбетов (66 келі) Мейіржан Қалтаев (66 келі) Қайрат Ағыбаев (73 келі) Арман Махамбетов (81 келі) Елдар Зәріпханов (81 келі) Мақсат Исағабылов (90 келі) Виктор Демьяненко (100 келі) Айбек…

Әлеуметтік желідегі парақшалар