Жаңалықтар

18:35 | 18 тамыз 2015
Құрметті әріптестер! Әлем біріншілігі барысында жұмыс істейтін бұқаралық ақпарат құралдарының назарына! Тіркеуден өтуді растайтын бейдждер 22 тамыз күні сағат 09:00 - 21:00 аралығында Ramada қонақ үйінде Puchinni Hall залында беріледі. (Астана қаласы, Абай көшесі, 47, тел:8 7172 39 10 00). Өздеріңізде жеке куәлігіңіз және редакциялық құжатыңыз болуы тиіс. Әлем біріншілігі барысында бұқаралық ақпарат құралдарына арналған шаралар (8 747 700 21…
18:11 | 13 тамыз 2015
2015 жылдың 24-30 тамыз аралығында Қазақстанның елордасы Астана қаласында елімізде алғаш рет әлем біріншілігі өткізіледі. Оған 137 мемлекеттен 823 спортшы (495 ер мен 328 қыз) қатысады деп жоспарланған. Сонымен бірге, елордаға 1000-ға жуық қонақ келеді деп күтілуде. Олардың ішінде бапкерлер мен федерация басшылары және басқа да лауазым иелері бар. Байрақты бәсеке барысында жұмыс істеу үшін 160 журналист тіркеуден өтуге өтініш…
12:15 | 06 тамыз 2015
Астанада 24-30 тамыз аралығында өткізілетін әлем біріншілігіне 123 елдің спортшылары тіркелді (495 ер және 328 қыз). Сонымен қатар, 160 бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тіркеуден өтуге өтініш білдірген. Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер қауымы осы байрақты бәсекеге қатысатын спортшылар тізімін бекітті: Ерлер: Елдос СМЕТОВ (60 келі) Рустам ЫБРАЕВ (60 келі) Айбек ИМАШЕВ (66 келі) (Командалық жарыс) Азамат МҰҚАНОВ (66 келі) Елдос ЖҰМАҚАНОВ…
23:57 | 05 тамыз 2015
Босния және Герцеговина астанасы Сараево қаласында кадеттер арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде 50 келі салмақ дәрежесінде Айболат Ыстыбай чемпион атанды. Ол бес кездесуінің төртеуін «иппон» ұпайымен ұтты. Ақтық кездесуінде де итальялық Бьяджо д'Анджелоға қарсы әдемі әдіс жасауы арқылы «иппон» ұпайын иеленіп, жеңіске жетті. Жарысқа әлемнің 59 елінен 500-ге тарта спортшы қатысуда. Байрақты бәсеке тамыз айының 8 жұлдызына дейін жалғасады. Нәтиже:…
22:35 | 05 тамыз 2015
«Алау» мұзайдынында дзюдо күресінен әлем біріншілігіне билеттер сатыла бастады. Сонымен қатар, билеттерді «Казтикет» компаниясының кассаларынан сатып алуға болады. Электрондық билеттер әлем біріншілігінің ресми сайтында және «Казтикет» компаниясының ресми сайтында сатылып жатыр. Асығыңыздар, билеттер саны шектеулі!

Әлеуметтік желідегі парақшалар