Жаңалықтар

20:25 | 28 тамыз 2015
Бүгін әлем біріншілігінің аясында ерлер 90 келі салмақта,ал қыздар 70 және 78 келі салмақта бақ сынады. Өкінішке орай қазақ құрамасының спортшылары ақтық сынға дейін жете алмады, Жанар Қашқын мен Ділбәр Өмірәлиева және Альбина Амангелдиева алғашқы кездесулерінде сүрінсе, Ислам Бозбаев чемпионаттың екінші айналымында есе жіберіп алды. Бүгінгі күн француздар үшін жемісті болды. Жеңіске жету үшін Жевриз Иманға 14 секунд жеткілікті болды.…
19:20 | 28 тамыз 2015
Ерлер ( 90 келі) 1. Квак Дон Хан (Оңтүстік Қорея) 2. Денисов Кирилл (Ресей) 3. Бакер Машу (Жапония) және Липартелиани Варлам (Грузия) Қыздар (70 келі) 1. Эмане Геврис (Франция) 2.Бернабеу Мария (Испания) 3.Алвер Юрий (Колумбия) және Посвит Фанни - Эстель (Франция) Қыздар (78 келі) 1.Умеки Мами (Жапония) 2. Веленсек Аннамар (Словения) 3.Малжан Луис (Германия) және Веркерк Мархинд (Нидерланды)
17:51 | 28 тамыз 2015
Астанада өтіп жатқан дзюдо күресінен әлем чемпионатының бесінші күні қазақстандық спортшылар үшін сәтсіз аяқталды. Татамиге шыққан 4 балуанымыз да бастапқы бәсекелерінде жеңіліс тапты. 70 келіге дейін салмақта ел намысын қорғаған Ділбәр Өмірәлиева бірінші кездесуінде польшалық Клюс Катарзунаға есе жіберіп қойды. Жарыстан кейін жерлесімізбен тілдесіп, бір-екі сауал қойған болатынбыз. – Ділбәр қателік қай жерден кетті? – Дайындық жоғары деңгейде болды. Бұрынғымен…
15:03 | 28 тамыз 2015
Дзюдодан қазақ құрамасының 90 келі салмақ дәрежесіндегі бірінші нөмірі Ислам Бозбаев алғашқы кездесуде австралиялық Диего Барретоны ұтса, екінші айналымда иппонмен Еуропа чемпионатының жүлдегері француз Александре Иддирге ұтылып қалды. "Жарысқа әбден дайын болдым, - дейді Ислам, - Қарсыластарды біліп, бапкеріммен бірге арнайы тактиканы құрастырдық, дайындалдық, бірақ дәл осы иппонды күткен емеспін". Сөйтіп, бүгін жарысты бастаған татами иелері алдын-ала кезеңнен шыға алмады.…
14:09 | 28 тамыз 2015
Өкінішке орай, бүгін, әлем чемпионатының бесінші күні татамиге шыққан үш қазақтың қызы жарыстан шығуға мәжбүр болды. Әлем чемпионатының бірінші айналымнан эквадорлық Ванесса Чаладан ұтылған Жанар Қашқын (70 кг), иппонмен Польшаның өкілі Катаржина Клистен жеңіліп қалған Ділбар Өміралиева (70 кг) және Нидерланды елінің спортшысы Стинуистен ұтылып қалған Альбина Амангельдиева шығып кетті.

Әлеуметтік желідегі парақшалар