Жаңалықтар

15:22 | 19 қараша 2020
Бүгін, 19 қараша күні дзюдодан Қазақстан ерлер ұлттық құрама командасының бас бапкері ауысты. Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан дзюдо федерациясының кезектен тыс отырысы өтті. Ұлттық федерация басшысы Қайрат Қожамжаровтың жетекшілігімен өткен жиынға Қазақстан дзюдо федерациясының вице-президені Сәкен Мұсайбеков, бас хатшысы Асхат Житкеев, дзюдодан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Жандос Қонысбаев пен атқарушы директоры Самат Жылқыбаев қатысты. Сондай-ақ, федерацияның вице-президенттері Бостан Жаңбырбаев пен Елдос…
14:21 | 11 маусым 2020
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрама командасы оқу-жаттығу жиындарын бастады. Алматы облысындағы «Ақ бұлақ» Олимпиадалық орталығында өтіп жатқан жиындарға барлығы 10 дзюдошы мен команданың дәрігері қатысуда. Бас бапкердің айтуынша, оқу-жаттығу жиынында барлық санитарлық-эпидимиологиялық талаптар қатаң сақталады. «Спортшылардың денсаулығы, олардың қауіпсіздігін сақтау біздің бірінші мақсатымыз. Сондықтан, жаттығу барысында барлық санитарлық-эпидимиологиялық талаптар қатаң сақталады. Ұлттық құрама спортшылары жаттығу жиынына келгенде анализ тапсырып, нәтижесінде барлығы…
09:11 | 02 маусым 2020
Жақын арада ұлттық құрама спортшылары оқу-жаттығу жиындарын қайта бастайды. Жаттығу жиындары кезең-кезеңімен және барлық белгіленген қауіпсіздік шараларының толық сақталуын қамтамасыз ететін спорт базаларында ғана өтеді. Спортшылар жаттығу жиынына қатыспас бұрын қауіпсіздік мақсатында COVID-19 вирусына сынақ тапсырады. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитеті ұлттық федерациялармен бірлесіп, Олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрамалардың мүшелеріне арналған оқу-жаттығу жиындарын кезең-кезеңімен қайта бастау туралы шешім қабылдады. ҰОК…
11:30 | 01 мамыр 2020
Құрметті дзюдошылар, бапкерлер мен дзюдо жанашырлары! Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтаймын! Бұл мереке бірлік пен бейбітшіліктің, ынтамақтастық пен сыйластықтың символы іспетті. Осындай қиын-қыстау шақта бірлік деген – біздің басты құндылығымыз! Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұдырықтай жұмылған кезде ғана біз мықты болып, кез келген қиындықты жеңіп шығамыз. Еліміз үшін аса маңызды мерекемен баршаңызды шын…
10:48 | 14 сәуір 2020
Бүгін, 14 сәуірде 81 жасында Қазақстан дзюдосына үлкен еңбегі сіңген майталманы Бекет Сапабекұлы Махмұтов дүниеден озды. Бекет Сапабекұлының аты Қазақстан спортында алтын әріптермен жазылып қалды. Ол 2009-2012 жылдары Қазақстан Дзюдо федерациясының президенті болды. Сондай-ақ, Азия дзюдо одағының вице-президенті қызметін атқарды. ⠀ Қазақстан дзюдо федерациясы Бекет Махмұтовтың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады. ⠀

Әлеуметтік желідегі парақшалар