Жаңалықтар

20:12 | 04 тамыз 2016
Қазақстан аймағында олимпиаданы тікелей эфирде «ҚАЗАҚСТАН», «Казспорт» және «ХАБАР» арналары көрсетеді. Бразилия-Қазақстан аралығындағы уақыт айырмашылығы - 9 сағат. Олимпиаданың ашылу салтанаты "ХАБАР" арнасында Астана уақыты бойынша 6 тамызда таңғы сағат 04:55-те басталады. Дзюдо сайыстары 6 тамызда 19.00-де басталады. «ҚАЗАҚСТАН» арнасында 6-сынан 7-сіне қараған түні сағат 00.25-те ФИНАЛ тікелей эфирден көрсетіледі. 7 тамызда таңертең 07.00 – де «ХАБАР» арнасында қайталау болады.…
18:23 | 25 шілде 2016
Бүгін Халықаралық дзюдо федерациясынан Қазақстан дзюдо федерациясына қуанышты хабар келді. 73 келі салмақтағы Дидар Хамза Риода өткізілетін Олимпиадаға ресми түрде шақырту алды. Енді Бразилияда ел намысын қорғайтын дзюдошылар саны алтау болды. 60 келіде Елдос Сметов, 66 келіде Жансай Смағұлов, 73 келіде Дидар Хамза, 100 келіде Максим Раков және қыздар құрамасынан 48 келіде Галбадрах Отгонцегцег, 63 келіде Мариан Ордабаева күреседі. Құрама…
17:44 | 15 шілде 2016
Олимпиада ойындарындағы дзюдоның күнтізбесі Төрт жылда бір келетін байрақты бәсекенің басталуына аз калды. Жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға Қазақстаннан 26 спорт түрі бойынша 100-ден аса спортшы лицензия алды. Оның бесеуі – дзюдошылар. 5-21 тамыз аралығында Бразилияда өткізілетін жазғы Олимпиада ойындарының күнтізбесінде дзюдо жарысы 6 күн болады деп көрсетілген. Ал, Олимпиаданы тікелей эфирде көрсететін қазақстандық арналар «Қазақстан» және «Хабар». Олимпиада ойындарындағы дзюдоның…
19:14 | 14 шілде 2016
Қазақстанда есту қабілеті нашар дзюдошылар арасында осы спорт түрі дамып келе жатыр. Осыған дейін олар ешқандай халықаралық жарыстарға шықпаған. Қазір елімізде осындай мүмкіндігі шектеулі 50-ге жуық дзюдошы ел ішіндегі жарысқа қатысып жүр. Жақында әлем чемпионатының іріктеуіне Ақмола, Жамбыл облыстары және Астана қаласының спортшылары қатысты. Іріктеуден іркілмей өткен Айдос Түгелбаев енді әлем чемпионатында бағын сынайтын болады. Мүмкіндіктері шектеулі спортшылар арасында әлем…

Әлеуметтік желідегі парақшалар