Жаңалықтар

10:43 | 23 желтоқсан 2016
Бүгін ҚР қыздар ұлттық құрама командасының аға бапкері Данайбаев Марат Қуанышұлының туған күні! Қазақстан дзюдо федерациясы Марат Қуанышұлын туған ккүнімен құттықтайды. Отбасына амандық, женіне саулық, қызметіне табыс тілейміз! Және де шәкірттерінің Олимп шыңын бағындыруына тілектеспіз!
21:01 | 19 желтоқсан 2016
Алматыда Дзюдо академиясында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ұйымдастырылған жаттықтырушыларға арналған техникалық семинар аяқталды. Жаттықтырушыларға арналған семинар Халықаралық Олимпиада комитетінің талаптарына сәйкес Қазақстан Ұлттық Олимпиада Комитеті мен Қазақстан Дзюдо Федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды. 14-19 желтоқсан күндері семинарды Австриядан келген IJF өкілі Дани Джордж ағылшын тілінде өткізді. Семинар мақсаты– дзюдоны насихаттау және бұл спорт түрін елімізде дамыту, бапкерлердің жалпы ұстанымдарына, біліктіліктерін арттыруға…
11:34 | 17 желтоқсан 2016
Қазақстан дзюдо федерациясы төрешілік жөніндегі директор Нұртазин Мұхсинді туған күнімен құттықтайды! Отбасына амандық, деніне саулық, жұмысына толағай табыс тілейміз!
10:24 | 16 желтоқсан 2016
Қазақстан дзюдо федерациясы баршаңызды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтайды! Тәуелсіздігіміз мәңгілік болып, көк туымыз биікте желбіресін!
22:36 | 15 желтоқсан 2016
Алматыдағы дзюдо академиясында халықаралық дзюдо федерациясының арнайы өкілінің қатысуымен жаттықтырушыларға арналған семинар өтіп жатыр. Семинарға еліміздің түкпір-түкпірінен келген жаттықтырушылар қатысып, біліктілігін шыңдауда. Австриядан келген IJF өкіліне шәкірт болып жүрген жаттықтырушыларымыз семинардың алғашқы күнінде алған әсерлерін жасырмады. "Деңгейі жоғары семинар жаттықтырушылардың біліктілігін арттырып қана қоймай, елімізде дзюдоның дами түсуіне сүбелі үлес қосады" - дейді Маңғыстау облысынан келген білікті бапкер, Маңғыстау облысында…

Әлеуметтік желідегі парақшалар