Жаңалықтар

14:30 | 06 ақпан 2017
3-5 ақпан күндері Тараз қаласында дзюдодан 2000-2001 ж.т. Жасөспірімдер арасында Қазақстан Чемпионаты өтті. Чемпионатқа еліміздің 14 облысы және Алматы, Астана қаласынан 600-ге жуық спортшы қатысты. Үш күнге созылған Чемпионат нәтижесі келесідей: 40 кг І орын - Жұмағалиева Айым (Қарағанды облысы) ІІ орын — Салых Дана (Алматы) ІІІ орын — Әбдішева Балнұр (ШҚО), Күлім Сара (ОҚО) 44 кг І орын -…
11:35 | 06 ақпан 2017
Түркістан қаласы, Ә. Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Тәңірбергенов Ерқанат Рақымұлы жол апатынан қаза тапты. Қайғылы оқиға Машат асуы тұсында орын алды. Тәңірбергенов Ерқанат Тараз қаласында өтіп жатқан ел біріншілігіне Тараз-Ташкент тас жолы арқылы барарда ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жабық болған. Жамбыл облысына өте алмағандықтан кері қайтар тұста жол апатына ұшырап, ауыр жарақат…
10:21 | 02 ақпан 2017
2-6 ақпан аралығында Тараз қаласында 2000-2001 ж.т. жасөспірімдер (ұлдар және қыздар) арасындағы дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Жарыс жеңімпаздары Әлем және Азия чемпионаттарына іріктеледі. Чемпионат кестесі келесідей: 2 ақпан 09:00-14:00 Командалар және төрешілердің келу күні 13:00-15:00 Төрешілер семинары (теория және тәжірибе) 15:00-15:30 Төрешілер жиналысы (аккредиттеу) 16:00-17:00 Жаттықтырушылар мен өкілдердің жиналысы 17:00-18:00 Барлық салмақ дәрежесі бойынша жеребе 18:30-19:00 Бейресми салмақ өлшеу…
16:34 | 31 қаңтар 2017
Қазақстан дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті Маратбек Мықтыбеков 2017 жылғы Универсиаданың алауын ұстаушылар қатарында болды. Маратбек Мықтыбековтың спорт саласында қосқан үлесі орасан зор. Сондай-ақ, спорттан кен де емес. Ол жастар арасындағы Әлем Чемпионатының алғашқы жүлдегері. 2000 жылы жастар арасында өткен Әлем Чемпионатында қола медаль иеленген болатын. Марат Мықтыбековпен қатар, елеміздің әр өңірінде дзюдошыларымыз Универсиада алауын тасу рәсіміне қатысты. Адия Сайын -…
12:27 | 30 қаңтар 2017
Ресейдің Екатеренбург қаласында Ресейдің Еңбек Сіңірген жаттықтырушысы В.М. Захаровты еске алуға арналған дзюдодан X бүкілресейлік турнирде қазақстандық дзюдошлар 2 медальға ие болды. 55 келіде бақ сынаған Нұртілек Қаракесеков қарсылас шыдатпай, алтыннан алқа тағынды. Ал 60 келіде белдескен Диас Әшімов қола медклді қанжығалады. Сондай-ақ, Әшімов Диас "Самый лучший и быстрый бросок" кубогына ие болды.

Әлеуметтік желідегі парақшалар