Халықаралық дзюдо федерациясының жиыны

20:42 | 21 тамыз 2015

Астана қаласында өткелі жатқан дзюдодан әлем біріншілігі аясында тұңғыш ресми шара ретінде Бейбітшілік және Келісім сарайында Халықаралық дзюдо федерациясының 2015 жылғы конгрессі ұйымдастырылды.Конгресс Халықаралық дзюдо федерациясының Президенті Мариус Визер мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының тікелей қатысуымен болып өтті. Конгресс барысында ХДФ Президенті және ҚР Мәдениет және спорт министрі сөз алып, жиналысқа қатысушыларға қазіргі таңдағы дзюдо күресінің әлемде және Қазақстандағы ахуалы жайлы сөз қозғап, 2015 жылғы әлем біріншілігінің Астана төрінде орын алуының үлкен құрмет екендігін айтып өтті. Конгресс барысында ХДФ бас хатшысы Жан-Люк Роже және бас қазынашы Насер Аль – Тамими мырзалар төрт жылдық мерзімге қайта сайланды. Үстіміздегі жылдың 24 тамызында бастау алып, жеті күнге созылғалы отырған жарыс қарсаңында Халықаралық дзюдо федерациясының 4 жаңа мүшесі таныстырылды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар