​Елімізде дзюдо академиясының құрылысы басталды

11:13 | 30 қыркүйек 2013

2015 жылдың шілдесінде еліміздегі тұңғыш дзюдо Академиясы қолданысқа беріледі. Төрт қабатты кешеннің жобасын Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Кеңес Рақышев таныстырды. Олимпиада резевтерін дайындау жөніндегі республикалық колледж жанындағы мектеп-интернаттың аумағында бой көтеретін Академияның 4 татами сиятын зал, жаттығу залы, 100 адамдық асхана және жатақханасы болады. Жатақхана 4 адамға арналған 12 және 2 адамға арналған 26 орынға лайықталады. Сонда й-ақ, дәрігерлер бөлмесі мен массаж қабылдауға арналған кабинет, сауна және демалыс бөлмесі де қарастырылған.

Аталған спорт кешенінде ұлттық құрама спортшылары ғана емес, дзюдомен шұғылданатын жас таланттар да жаттыға алады.
28 қыркүйек күні өткен Академия жобасының таныстырылымына Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов және спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов мырзалар қатысты.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар