Қазақстан дзюдо федерациясының президенті парадзюдошыларды сәтті өнер көрсетуімен құттықтады

18:53 | 30 тамыз 2021

Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Қожамжаров Қазақстан Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаевты парадзюдошылардң Токиода сәтті өнер көрсетуімен құттықтады.

"Парадзюдодан Қазақстан Ұлттық құрамасының Паралимпиада ойындарындағы жоғарғы жетістігімен шын жүректен құттықтаймын! Біз әрбір дзюдошының Паралимпиададағы көрсеткен тарихи нәтижесіне тәнтіміз және қуаныштымыз! Мұндай жетістік Қазақстан дзюдо және парадзюдо тарихында бұрын соңды болмаған.

Осы орайда, осындай үлкен жетістік артында Сіздің және спортқа шын жанашыр командаңыздың көзсіз ерлігі мен қажырлы еңбектеріңізді атап өткен жөн.

Парадзюдошылар бағындырған белес – біздің спортшылар үшін үлкен стимул!

Тарихи жеңіспен құттықтай келе, Паралимпиада ойындарында өнер көрсетітін барлық спортшыға сәттілік тілеймін! Біз сіздермен біргеміз!", - делінген құттықтау хатта.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар