Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Паралимпиадаға қатысатын дзюдошыларға сәттілік тіледі

20:00 | 28 тамыз 2021

Құрметті Паралимпиадаға қатысушы дзюдошылар, сіздерді төртжылдықтың басты бәсекесі – Паралимпиада ойындарының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Паралимпиадаға дейінгі сіздер бағындырған белес, сіздер жүріп өткен жол – бізге үлгі. Табандылық, жанкештілік және қайсарлық әрқайсысыңыздың бойыңыздан табылатын туабіткен қасиет.

Токио татамиі олимпиадашы-дзюдошыларымызға қола сыйлады. Осы орайда, Сіздер жеңісті жолды жалғастырып, Қазақ елін қуанышқа бөлейсіздер деп сенемін.

Кіл мықтылар арасынан іркілмей іріктеліп шыққан 6 парадзюдошы, сіздер – бүгінгінің батырысыздар! Сіздерге тек жеңіс тілеймін!

Қазақстан Республикасы

Дзюдо федерациясының Президенті

Қ. ҚОЖАМЖАРОВ

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар