Ғұсман Қырғызбаев қазан айының үздік спортшысы атанды

14:42 | 08 қараша 2019

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми сайтында «Қазан айының ең үздік спортшысына» дауыс беру аяқталды. Дауыс беру нәтижесі бойынша дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев жеңіске жетті.

Қазан айының үздігі атануға 6 спортшы үміткер болды. Олар: Ғұсман Қырғызбаев (дзюдо), Элизабет Тұрсынбаева (мәнерлеп сырғанау), Андрей Чугай (велоспорт), Милана Сафронова (бокс), Дина Исламбекова (бокс) және Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика).

Дауыс беру бүгін, 8 қараша сағат 13:00-де тоқтатылды. Нәтижесінде 42,50 пайызбен Ғұсман Қырғызбаев үздік атанды. Андрей Чугай 42,14% пайыз жинап екінші орынға жайғасты. Ал үшінші орынға 7,92 пайыз дауыс жинаған Милана Сафронова ие болды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар