Ғұсман Қырғызбаев - Grand Slam жеңімпазы

19:53 | 24 қазан 2019

Дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Әбу-Дабиде өтіп жатқан Grand Slam жарысында қарсылас шақ келтірмей, алтын алды. Ол финалда франциялық Валиде Хярді вазари ұпайымен жеңді.

Ғұсман Қырғызбаев жарыс барысында 5 кездесу өткізіп, бесеуінде де жеңіске жетті. Ол бірінші Оңтүстік Корея спортшысы Ли Харимді, екінші кездесуінде Әзірбайжан өкілі Давид Мамадсоуды жеңді. Ширек финалда Фелип Пелимнен басым түссе, жартылай финалда Яго Абуладзеден айласын асырып, финалға жолдама алған болатын.

Айта кетерлігі, дәл осы салмақ дәрежесінде Елдос Сметов жұбаныш финалында қарсыласына есе жіберіп, жарыстан жүлдесіз қалды.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар