Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия Чемпионатында 6 алтын алды

23:53 | 11 мамыр 2018
Бейрутта (Ливан) кадеттер арасында дзюдодан Азия чемпионаты аяқталды. Құрлықтық чемпионаттың соңғы күнінде қазақстандық жас татами шеберлері қоржынға 4 алтын, 3 күміс және 1 қола жүлде салып, медаль саны бойынша жалпыкомандалық есепте 1 орынға шықты. Екі күннің қорытындысы бойынша Қазақстан жасөспірімдер құрама командасы 6 алтын, 5 күміс және 4 қола медальмен жарысты аяқтады.
Бүгінгі жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

Алтын - Сәдуақас Бекарыс (90 кг)
Алтын - Мұхамбет Зұлхарнаев (+90 кг)
Алтын - Кристина Сотникова (63 кг)
Алтын - Маргарита Гриценко (70 кг)
Күміс - Ханифа Тугушева (57 кг)
Күміс - Мадина Парагульгова (+70 кг)
Күміс - Аян Байғазы (81 кг)
Қола - Шырын Қадірсіз (57 кг)

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар