Маратбек Мықтыбеков қызметінен кетті
Қазақстан Дзюдо федерециясы Маратбек Сәменбекұлы Мықтыбековты 1 ақпаннан бастап Қазақстан Дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті/бас қазынашы қызметінен өз еркімен кеткенін хабарлайды.
- Құрметті достар, дзюдо жанашырлары! Қазақстан дзюдо федерациясынан кеткенім туралы хабарлаймын. Федерацияда қызмет атқарған 5 жыл ішінде аз жұмыс атқарылмады. Өздеріңіз білетіндей, 2015 жылы елімізде ең ірі әрі маңызы өте жоғары жарыс – Әлем Чемпионаты өтті. Әлем Чемпионатында дзюдошыларымыздың жеткен жетістіктері де қуантты. Осы жылдар аралығында Қазақстан Дзюдо федерациясына көмектесіп, қолдау көрсеткендердің бәріне алғысымды білдіремін, - дейді Маратбек Мықтыбеков.
Естеріңізге сала кетсек, Маратбек Мықтыбеков 2012 жылдың 14 қарашасынан бастап Дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті/бас қазынашы қызметіне кіріскен болатын. Маратбек Мықтыбеков еңбек еткен тұста, 2012-2018 жылдар аралығында Қазақстанда Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес әлемдік ірі жарыстар өткізілді. Атап айтқанда, 2013 жылы Алматы қаласында әлемдік Гран При кезеңі, 2014 жылы Астана қаласында әлемдік Гран при кезеңі, 2015 жылы тұңғыш рет Астана қаласында дзюдодан Әлем Чемпионаты және 2016 жылы Алматы қаласында әлемдік Гран При турнирлері өтті.
Сондай-ақ, Маратбек Мықтыбеков дзюдодан әлем чемпионатында жүлдегер атанған алғашқы қазақстандық дзюдошы. Ол 2000 жылы Африкада жастар арасында өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізген болатын.
0 пікірлер