Серікболсын Шынтас – Әлем чемпионатының қола жүлдегері

04:19 | 12 тамыз 2017

Қазақстандық дзюдошы Серікболсын Шынтас (81 кг) дзюдодан Чилиде кадеттер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медальға ие болды.

Ол жұбаныш белдесуінде тайпейлік Хсу Шиенанды иппонмен жеңіп, қола медаль үшін күресуге ммүмкіндік алды. Маңызды додаданың қола медалі үшін тәжікстандық балуан, кадеттер арасында Азия Чемпионы Маджидов Джохонгирден басым түсті.

Естеріңізге сала кетсек, Әлем Чемпионатының екінші күнінде қазақстандық дзюдошы Нұрзат Сәлімбаев (60 кг) ел қоржынына күміс медалін салған болатын. Қазақстан кадеттер құрамасы 1 күміс, 1 қола медальмен 64 ел ішінде 9 орында тұр.

Чилидің Сантьяго қаласында кадеттер арасында өтіп жатқан Әлем Чемпионаты 13 тамызға дейін жалғасады. Жылдың ең маңызды додасы саналатын әлемдік біріншілікте әлемнің 64 елінен 428 дзюдошы қатысып жатыр.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар