Альбина Амангелдиева - Еуропа кубогының қола жүлдегері

20:30 | 23 шілде 2017

Минск қаласында өтіп жатқан Еуропа кубогында отандасымыз Альбина Амангелдиева -78 келі салмақта қола жүлдегер атанды. Өз тобынан үздік шыққан Альбина жартылай финалда Биетта Пакутқа (Польша) есе жіберіп, жұбаныш белдесуінде германиялық Марие Брайнсерді вазари ұпайымен жеңіп, ел қоржынына қола медаль салды.

Әйелдер және ерлер арасында өткен Еуропа Кубогына 46 елден 411 дзюдошы қатысты.

0 пікірлер

Арқылы авторизация жасай аласыз:

Әлеуметтік желідегі парақшалар