Смағұлов Айдын Құдайбергенұлы

Должность ҚР ерлер ұлттық құрама командасының бас бапкері

Команда Ерлер командасының құрамы

Смағұлов Айдын Құдайбергенұлы – қазақстандық маман, дзюдодан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Даңқ» орденінің иегері. 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Дзюдодан бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Чемпионы, С. Жандосовты еске алуға арналған халықаралық турнирдің 4 дүркін жеңімпазы, Ж. Хамитжановты еске алуға арналған халықаралық турнир жеңімпазы (1999 ж), Түркияда өткен Халықаралық турнир жеңімпазы (1998), Орталық-Азия ойындарының жеңімпазы (1999). Бапкерлік қызметін 2005 жылы Алматы облысының аға жаттықтырушысы болып бастаған. 2008-2010 жылдар аралығында Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы, 2010-2012 жылдары «Жастар» спорт кешенінде директордың бірінші орынбасары, 2012-2017 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық құрама командасында жаттықтырушы қызметін атқарған. Сонымен қатар, Айдын Смағұлов 2000 жылы Қырғызстан Республикасы сапында Сиднейде өткен жазғы Олимпиада ойындарына қатысып, қола жүлдеге ие болған.

Әлеуметтік желідегі парақшалар